Қызыл жалынға оранған үйде әжесі мен екі кішкентай немересі қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Өрттен 3 адам қаза тапқан, зардап шеккен 6 адам Есік қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, қауіп жоқ.
Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр.
ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың денесі табылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу