Алматы облысында азық-түлік және балмұздақ шығаратын ірі кәсіпорын салынады

1046

Жаңа өндіріс кешені ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттеріндегі ең ірі және инновациялық балмұздақ фабрикасын, сондай-ақ әр түрлі азық-түлік шығаратын кәсіпорындарды қамтиды.  

Алматы облысында азық-түлік және балмұздақ шығаратын ірі кәсіпорын салынады

Бүгін Алматы облысының әкімдігі мен "Шин-Лайн" компаниясы ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) механизмдерін тиімді қолдану туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz компания таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Алматы облысының Байсерке ауылында азық-түлік және балмұздақ өндіретін кәсіпорындар кешенін салу және "Даму" логистикалық орталығының өндіріске іргелес аумағын аббатандыруды көздейтін ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Құрылыстың бірінші кезеңінің жобалық қуаты жылына – 21 500 тонна өнім болса,құрайды, 2024 жылға қарай кәсіпорын тәулігіне 350 тонна өнім шығарады.

Жобаның жалпы құны – 33,4 млрд теңге, ал құрылысы 17 гектар аумақты қамтиды. 
Аймақтың ең заманауи балмұздақ өндірісі осында шоғырланады, сондай-ақ мұнда сүт өнімдері, мұздатылған жартылай дайын өнімдер, қамыр, әр алуан кеспе түрлерінің өндірісі жолға қойылмақ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу