Алматы облысында бақташы жылдар бойы үйінің аумағында қару жинаған

1490

Облыстық полиция департаменті мамандары 36 жастағы азаматтан бірнеше атыс қаруын тәркіледі.  

Алматы облысында бақташы жылдар бойы үйінің аумағында қару жинаған

Бақташы бұл қаруларды үйінің маңындағы қорада сақтаған. Тінту барысында төрт аңшылық тегіс ұңғылы қару, бір иір оқты және екі аңшылық мылтық, бұдан бөлек түрлі калибрлі патрондар табылды. Бұның ешқайсысы ресми тіркелмеген.

"Мал бағатын ауыл тұрғыны бұл қарулардың барлығын бірнеше жылдан бері таудан тауып алып, қорасында жинап жүргенін айтты. Мәліметтер базасындағы ақпараттарға сүйенсек, бұл азамат осы уақытқа дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және тәртіп бұзғаны үшін де полиция назарына түспеген",-деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Соған қарамастан ауыл тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 287 бабы (Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, заңсыз сатып алу, алып жүру, сақтау) бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары басталды. Барлық табылған қарулар сараптамаға жібіліп, қандайда бір қылмысқа қатысы бар не жоғы анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу