Алматы облысында балықшы құтқарылды

519

ТЖД 1973 жылы туған балықшыға көмек көрсетті, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Алматы облысында балықшы құтқарылды Фото: ТЖД Алматы

"ТЖД кезекші бөлімінің пультіне 103 кезекші қызметінен 1973 жылы туған ер адамның ауырып қалғаны және оны тасымалдауда көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Кейін Қапшағай су қоймасына жағадан 1,5 шақырым қашықтыққа балық аулауға шыққан азаматтың ауырып қалғаны (гипертониямен ауыратын) анықталды. Балықшы жағаға жеткізіліп, медициналық жедел-жәрдем қызметкерлеріне берілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу