Алматы облысында бір отбасының 4 адамы газдан уланды

716

Алматы облысы Іле ауданына қарасты "Жомарт" саяжайында бір отбасының 4 адамы газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облысында бір отбасының 4 адамы газдан уланды

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 52 жастағы үй иесі мен оның 3 ұлы ұйықтап жатып уланған. Бәрі көз жұмды. Ал марқұмның әйелі бұл сәтте үйде болмаған екен.

Отбасы 2 ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқан балалардың 49 жасар анасы Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді.

"6 қазан күні таңғы сағат 5-те жолдасы әйелін жұмысқа апарып, үйдегі ұлдарына қайтып келген. Жұмыстан кейін үйге оралған әйел шамамен сағат 16.00-де ұлдары мен күйеуінің денесін тапқан", – деп атап өтті ведомстводан.

Анықталғандай, ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып алған. Қазір аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу