Алматы облысында бірнеше ауылды су алды

345

Жергілікті суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, іркіліс болған.  

Алматы облысында бірнеше ауылды су алды Фото: zakon.kz

Алматы облысындағы ирригациялық каналдардағы су деңгейінің жоғарылауы салдарынан екі ауыл мен Талғар қаласын су басты.

2023 жылғы 27 шілде күні кешке Талғар қаласының бірнеше шағын ауданында аулаларды су басты.

"Оқиға орнында "Талғарирригация" МКК мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, шлюздер тазартылып жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", – деп хабарлады Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Көршілес Кеңдала, Тұздыбастау ауылдарында да жағдай осындай. Ол ауылдарда да құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше аула аумақтарын су басқан.

Ал Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ертең, 28 шілдеде облыста жаңбыр жауатынын ескертті. Құтқарушылар тұрғындардағ тауға және бөгетке шықпауды, көліктерді ағаштардың астына қоймауды сұрады. Облыста әлі де сел жүру қаупі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу