Алматы облысында полиция бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұзынағаш ауылының тұрғыны белгісіз адамның пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 2 млн 150 мың теңге көлемінде ақша алғанын мәлімдеген. Тергеу барысында күдіктінің тағы екі азаматты алдап, оларға да пәтер және жер учаскесін сатып алуға уәде бергені анықталды. Сөйтіп, ол жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу