Алматы облысында биыл 52 500 жаңа жұмыс орны ашылды

174

Облыста 97 кәсіпорынға 166 жұмыс орнына квота белгіленіп, жыл басынан бері 1 143 мүгедектігі бар азаматтың 487-сі тұрақты жұмысқа орналасты.

Алматы облысында биыл 52 500 жаңа жұмыс орны ашылды Фото: canva.com

Бұл туралы Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Әдиахметов айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл 66 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның 76,6%-ы тұрақты жұмыс орындары.

"Жыл басынан бері облыста 52,5 мың жұмыс орны ашылды, оның 39,7 мыңы тұрақты. Субсидияланатын жұмыс орындарына 11,8 мың адам жіберілді. Олардың қатарында жастар тәжірибесінен өткен 971 адам, қоғамдық жұмыстарда 8 153 адам және әлеуметтік жұмыс орындарында 601 адам бар. Сонымен қатар, "Күміс жас" жобасы арқылы 1 442 азамат жұмысқа тұрды", – деді Жансерік Әдиахметов.

Қысқа мерзімді курстар арқылы 624 жұмыссыз азамат кәсіби дағдыларын жетілдірді. "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша 2,9 мың адам оқып, өз кәсіптерін бастау мүмкіндігіне ие болды.

"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жыл басынан бері 69 жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырлыды. 279 адам, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 54 азамат пен пробация қызметінде есепте тұрған 225 адам жәрдемдесу шараларына жүгінді. Олардың 224-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 17-сі қоғамдық жұмыстарға жіберілді", – деді спикер.

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы қолдау шаралары да жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу