Алматы облысында биыл 65 мың тонна алма жиналды

1208

Ал жалпы жеміс өнімі 126 мың тоннаны құрады.

Алматы облысында биыл 65 мың тонна алма жиналды

Алматы облысы республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің  17 %-ін беріп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген өңір әкімі осылай айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толыққанды пайдалану үшін өңірлік бағдарлама әзірленіп, онда 9 басым бағыт айқындалды. Олар етті-сүтті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, қызылша-қантты, май, бағбаншылық, картоп шаруашылығы, жылыжай және су шаруашылығы", – деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов.

Сонымен қатар, егістікті әртараптандыру шеңберінде қант қызылшасының алқабы 2000 гектарға, жүгері 1453 гектарға, жем-шөп дақылдары 1215 гектарға, көкөніс 707 гектарға ұлғайған.

Биылғы жылы қарқынды бақтардың көлемі 2,4 мың га аумаққа жетіп, алғашқы өнімі жиналған, ал бақтардың жалпы алаңы 24,2 мың га жетті. Ал жалпы жеміс өнімі 126 мың тоннаны құраса, соның 65 мың тоннасы – алма.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу