Ол аумақтарға негізінен бидай, күріш, жүгері, қант қызылшасы, майлы дәнді дақыл мен бау-бақша өнімдері егіледі. Көктемгі дала жұмыстарын кідіріссіз жүргізу үшін мемлекеттен 24 мың тонна дизель отыны бөлінген, деп хабарлайды khabar.kz.
Оның 8 мың тоннасы қажетті жеріне жеткізілді. Былтыр облыста 29 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді. Оның 18-і қант қызылшасын өндірушілерге көмек берді. Биыл осындай тағы 5 орталық жаңадан ашылғалы отыр.
Сала мамандарының айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына барлық аудан әзір. Техникалардың 98 пайызы сақадай сай. Жетісу жерінде биыл жалпы аумағы 1 млн гектарға жуық егіс алқабы игеріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу