Алматы облысында болған атыста жарақат алғандардың бірі қаза тапты

586

Ол Есік ауруханасына түнде түскен. 

Алматы облысында болған атыста жарақат алғандардың бірі қаза тапты

"23 шілдеге қараған түні Есік қаласында орналасқан Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екеуінің де жағдайы өте ауыр, оларға оқ жарақаты және көптеген жарақаттар деген диагноз қойылды. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, соған қарамастан ауруханаға жатқызылғандардың бірі бүгін түсте қайтыс болды", – деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Екінші жаралы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр.

Есік қаласында 23 шілде атыс болған. Тергеу "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу