Алматы облысында бүтін бір отбасы жоғалып кетті

943

Жоғалған отбасы туралы арыз Алатау аудандық полиция бөліміне кеше кешкісін түсті. Дереу жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамында аудандық және қалалық деңгейдегі криминалдық полиция өкілдері бар.

Алматы облысында бүтін бір отбасы жоғалып кетті

Алматыда бес адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті. Олардың іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның жазуынша, 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндер және олардың үш баласы – Ангелина (12 жаста), Давид (9 жаста) және Даниил (7 жаста) жоғалып кеткен. Барлығының есту қабілеттері нашар. Отбасы 4 тамыздан бері байланысқа шықпаған.

"Тұратын жерлерінде ешкім есік ашпайды, көршілері де отбасының қайда екенін білмейді. Ерекше белгілері – ересектер мен балалардың бәрі мылқау, ымдасып сөйлеседі. Бір жаққа кететіндерін айтып ескертпеген. Әйелі мен күйеуі 35-40 жас шамасында. Бойлары ұзын. Денелері ірі. Шаштарының түсі ашық", – деп жазды ол.

Чурилиндер отбасы туыстарымен соңғы рет 3 тамызда сөйлескен. 4 тамызда әлеуметтік желіге кірген. Отбасының жақындары Алатау ауданының полициясына жүгінген.

Алматы полициясы отбасының іздестіріліп жатқанын растады.

"Жоғалған отбасы туралы арыз Алатау аудандық полиция бөліміне кеше кешкісін түсті. Дереу жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамында аудандық және қалалық деңгейдегі криминалдық полиция өкілдері бар. Қазіргі уақытта техникалық құралдарды қолдана отырып, отбасының болжамды орналасқан жері анықталуда. Олардың дін аман екеніне сенімдіміз. Туыстарының айтуынша, отағасы мен оның отбасы мүшелері таза ауда серуендегенді жақсы көреді. Мүмкін олар Алматы облысының аумағына демалуға кетіп, туыстарына ескерту жасауды ұмытып кеткен шығар. Қалай болғанда да, оқиға жақсы аяқталатынына үміттенеміз. Анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу