Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

1183

Мамандар отбасының неден көз жұмғанын анықтап жатыр.

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Алматы облысында 2 ересек пен 2 бала қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға Талдықорған қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан Еңбек ауылында болған. Олардың нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Отбасы мүшелерінің денесін ауыл тұрғындары тапқан.

"2022 жылғы 2 ақпанда полиция Еңбек ауылында төрт адамның денесін тапты. Оның екеуі. Барлығы бір отбасынан", – деп жазылған хабарламада.

ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев алдын ала дерекке сәйкес, отбасы мүшелері бірнеше күн бұрын қайтыс болғанын айтты. Олардың денесі сараптамаға жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу