Алматы облысында цехта жарылыс болды

469

1 жұмысшы мерт болып, тағы бірі ауруханаға түскен.

Алматы облысында цехта жарылыс болды

Алматы облысында цехта жарылыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны және ішінара шатырдың құлағаны туралы хабарлама ТЖ департаментіне 29 қазанда сағат 11.31-де түсіпті.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, апатты жағдайдың салдарынан 1983 жылы туған  бір жұмысшы қайтыс болған. Үйіндінің астында қалған оның денесін ТЖД күштері шығарып алған. Ал 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. 

"Цехтың ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Апат орнының көлемі – 25 шаршы метр. Цехтың төбесі шатыр түрінде жасалған, бір қабатты, профильді жабындымен жабылған, қабырғалары сплитерлік блок. Алдын-ала болжам бойынша апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуы салдарынан орын алған",– деп жазылған ресми орган хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу