Алматы гарнизонының "Іле" оқу орталығы базасында "Дала қыраны-2019" халықаралық бітімгершілік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығудың ашылуына Ұлыбритания, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркиядан әскери қызметкерлер қатысты.
Шара барысында қатуысшы-елдердің мемлекеттік әнұранымен тулары көтерілді, митинг өткізіліп, содан кейін әскери қызметкерлер салатанатты маршпен жүріп өтті.
Оқу-жаттығу аясында қазақстандық бітімгерлер блок-бекеттерде қызмет атқару, VIP-адамдар мен гуманитарлық жүктерді алып жүру және айдауылдау, жергілікті жерлерде және елдімекендерде патрульдеу, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша міндеттерді пысықтайды.
Еске салар болсақ, оқу-жаттығу 22 маусымда аяқталады.