Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт сөндірілді

470

Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу