Алматы облысында дәретханадан табылған сәбидің анасына үкім шықты

1054

Алматы облысында дәретханадан табылған сәбидің анасына үкім шықты

Алматы облысында өз баласын дәретханаға тастаған анаға үкім шығарылды. 24 жастағы Алтынай Ақжолтаева жүктілігін туыстарынан жасырып жүрген, ал толғақ басталғанда даладағы дәретханаға бет алған. Қыз өз айыбын мойындап, өкініш білдірді, бірақ жауапкершіліктен босатылмады,  деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

"Кешірім өтінемін, бұлай болады деп мүлдем ойламадым. Мен оны дәретханаға тастағым келген жоқ. Өз қызымды тәрбиелегім келеді. Мен айыптымын, кешіріңіздер мені. Қызымды өз қолыма алғым келеді", – деді Алтынай Ақжолтаева.

Сот қыздың өкінгенін ескере отырып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Тастанды сәби туралы тергеу жұмыстары төрт айға созылды. Алғашында А.Ақжолтаева кепіл арқылы босатылды, кейін қайтадан қамауға алынды.

Айта кетейік, оқиға шілде айында болған еді. Ақши ауылының тұрғыны өз дәретханасынан сәби тауып алды. Анықтала келе, тастанды сәбидің анасы тұрғынның өз немересі болып шықты. Олар жаңа туған сәбидің жылаған дауысын естіген. Дәрігерлер нәрестенің тірі қалуын таңғаларлық оқиға деп бағалады. Қазір кішкентай Қарлығаш Бөбектер үйінде тұрып жатыр. Оның алдағы тағдырын қамқоршылық органдары шешеді. Оны туған әжесі өз тәрбиесіне алғысы келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу