Алматы облысында дәрігерлер науқастың өтінен 111 тас алған

113

Емделушінің қазір жағдайы жақсы.

Алматы облысында дәрігерлер науқастың өтінен 111 тас алған Фото: freepik

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына түскен науқасқа ота жасаған дәрігерлер оның өт қабынан 111 тас алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 35 жастағы Қонаев қаласының тұрғынын бауырының айналасы жиі шаншып, ауру мазалаған. Дәрігерлерге жүгінген науқасқа ота арнайы лапароскопиялық құрылғы арқылы жасалған. Нәтижесінде хирургтар әбден асқынып, тасқа толып кеткен өт қабын толық алып тастаған.

"Науқастың өті толып тұрғанда жарықшақты гранатаға ұқсас болды. Одан ірілі-ұсақты 111 тас шықты",  дейді хирург Ринат Тоқбазарұлы.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары осыған дейін мұндай оталар дәстүрлі ашық әдіспен орындалса, соңғы жылдары лапароскопиялық әдіске ауысқанды оң бағалады.

Оның емделушіге отадан кейін тез қалыпқа келіп, қатарға қосылуына зор ықпалы бар екенін айтты.

МӘМС аясында жасалған жоспарлы сәтті отадан кейін науқас үйіге шығарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу