Алматы облысында дауыл кезінде ағаш құлап, ер адамды мерт қылды

167

Оқиға 7 сәуір күні Шамалған ауылы маңында болған.  

Алматы облысында дауыл кезінде ағаш құлап, ер адамды мерт қылды Фото: Алматы әкімдігі

46 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, "Алматы – Бішкек" тасжолының 37-шақырымында қатты желдің салдарынан ағаш құлап, ер адамның өмірін қиған.

"Қазір аталған жағдай бойынша полиция қызметкерлері мен тиісті органдар тарапынан жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Азаматтарды қолайсыз ауа райы кезінде барынша сақ болуға және төтенше жағдайлар қызметінің ескерту, кеңестеріне құлақ асуға шақырамыз", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу