Алматы облысында 2 адамды пойыз қағып кетті

545

Адамдар локомотив сигналдарына мән бермеген.  

Алматы облысында 2 адамды пойыз қағып кетті Фото: АПН | IAPN.KZ

Алматы облысында пойыз екі адамды басып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"23 маусымда сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы – 1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аудармады. Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады", – деп хабарлады ҚТЖ компаниясының баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. 

Қазір оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде.

"ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Темір жолы – қауіптілігі жоғары аймақ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу