Алматы облысында екі ауылдың халқы эвакуациялануы мүмкін

575

Алматы облысының әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында екі ауылдың халқы эвакуациялануы мүмкін Фото: бейнеден

Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылуынан Байкент пен Қараой ауылындағы үйлерді су баспаған. 

"30 наурыз сағат 15:50–де Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені — шамамен 4-5 метр. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен ағып, ары қарай Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құяды, онда барлық шлюздер ашық. Су транзиттік режиммен өте отырып, ары қарай Қаскелең өзеніне, одан соң Қапшағай су қоймасына құяды",  - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік сондай-ақ Байкент, Қараой ауылдарында тұрғындардың үйлерін су баспағанын хабарлады.

"Бүкіл тұрғындарға эвакуациялау мүмкін екендігі хабарланды. Алайда, су басу немесе зардап шеккендер болған жоқ", - делінеді хабарламада.

Еске салайық, кеше Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылған болатын.  

Айта кетейік, 31 наурыз сағат 01:30-дан бастап Ащылысай көлінде су деңгейінің көтерілуі және Қараой ауылын су басу қаупіне байланысты "Байсерке-Междуречинск" тасжолының 23-42 шақырымы (Алматы қаласынан Чапаев ауылына дейін) жабылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу