Алматы облысында екі бала әжетхана шұңқырына түсіп кеткен

853

Бұл туралы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында екі бала әжетхана шұңқырына түсіп кеткен Фото: Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Әкесі өз бетінше балаларды алып шықпақ болыпты. Алайда қолынан келмеген соң құтқарушыларға жүгінген.

"Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу