Алматы облысында екі кішкентай қызды зорлады деп ұсталған күдіктінің әйелі де қамауға алынды

442

Сараптамалық тексерулер тағайындалды.

Алматы облысында екі кішкентай қызды зорлады деп ұсталған күдіктінің әйелі де қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің қыздың әпкесін де зорлауға қатысы бар екені анықталды.

"Күдіктінің әйелі де қамауға алынды. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істі тергеу облыс полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында",- деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесін сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу