Алматы облысында екі құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

Қос кәсіпорын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ескертуін орындамаған.  

Алматы облысында екі құс фабрикасына қатысты тергеу басталды Фото: agrotrend.ru

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаларды белгілеу талаптарын бұзу бойынша екі құс фабрикасына қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

"Алматы облысы бойынша департаменті 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Алматы облысы бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын бастапқы сату нарығын талдау қорытындысы бойынша "Алсад Қазақстан" ЖШС және "Сары-Бұлақ" ЖШС компаниясы іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы, атап айтқанда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар бөлігіндегі бағаларды белгілеуде және қолдауда бұзу белгілері анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Департамент серіктестіктердің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бар екендігі туралы хабарлама жіберді.

"Серіктестіктер хабарламаны орындамады, осыған байланысты жоғарыда аталған компанияларға қатысты Департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар тұрғысынан тергеу бастады", - деп хабарлады агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу