Үштөбеде екі жасар баласын өлтірген әйел кінәсін мойындады

676

Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. 

Үштөбеде екі жасар баласын өлтірген әйел кінәсін мойындады

2020  жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады Рolisia.kz. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді.

Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан.

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде  Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу