Алматы облысында екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды

224

Ал екінші қыздың иығы сынып, ауруханаға жеткізілді. 

Алматы облысында екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды Фото: видео скриншот

Байсерке ауылында кәмелет жасқа толмаған екі қызды жүк көлік қағып, біреуі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро-ға сілтеме жасап.

Апалы-сіңілі қыздар балабақша маңайындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болғанда оларды жүк көлігі қағып кеткен.12 жастағы Саяна Үсен қатты соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші қыздың иығы сынып, ауруханаға жеткізілді. Қыздардың жақындарының айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Себебі жол ережелеріне бағынбайтын жүргізушілер көбейген. Осылайша жол апатынан бір жылдың ішінде үш мектеп оқушысы опат болған.

Саяна оқыған мектеп директоры да балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы.

“Көшеде көліктер қатты жүреді. Бір 40-пен жүру ма, сондай бір шара белгісін қойса деген үмітіміз бар. Өйткені балалардың қауіпсіздігін ойластыру керек. Мынау екінші рет болса да біздің балаларымыз кетіп отыр. Бізге қазір өте қиын болып отыр”, – дейді Байсерке ауылындағы №12 орта мектеп директоры Анар Монтаева.

Ал аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Байсерке ауылын кесіп өтетін жолдың облыстық маңызы бар трасса екенін айтады. Сондықтан жасанды кедергілерді кез келген жерге қоя алмаймыз деп отыр. Ақылы жолдан қашқан жүк көлігінің жүргізушілерін тоқтату үшін қазір салмақ өлшейтін таразылар қою жоспарланған екен.

“Қазір тұрғындардың сұрап отырғаны жасанды жол кедергісі......сағатына қанша көлік жүреді соған байланысты зерттеліп, есептеліп, егер қою керек деп танылған жағдайда нұсқама хат беріледі”, – дейді Іле ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалғас Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу