Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт дала әжетханасына құлап, улы газға тұншығып мерт болды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Назар аударыңыз! Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз, — деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу