Алматы облысында екі жыл бұрын ғана салынған мектептің қабырғасы сөгілді

921

Қазір ғимаратты нығайту жұмыстары жүргізілуде.   

Алматы облысында екі жыл бұрын ғана салынған мектептің қабырғасы сөгілді

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Дәулет ауылындағы №11 мектеп аянышты жағдайда, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Білім беру мекемесінің сұмдық кадрларын Тамара Үмбетова есімді ауыл тұрғыны Facebook желісінде жариялады.  

"Алматы облысы, Талғар ауданы, Дәулет ауылындағы №11 мектепте 640 бала оқиды. Ол 2019 жылы салынған. Мектеп құрылысына 1 млрд 900 млн теңге бөлінді. Қымбатты достар, біздің балаларға көмектесіңіздер. Бізді көп адамдар еститін етіп барынша репост жасаңыздар. Қиындықтың алдын алу қажет. Мектеп кез келген сәтте құлап қалуы мүмкін. Біз балаларымыз үшін қорқамыз", – деп жазды ауыл тұрғыны. 

Бұл постқа Алматы облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысы Сәуле Қабимолдаева жауап берді. 

"Талғар ауданының білім бөлімінің мәліметі бойынша, Дәулет ауылындағы №11 орта мектеп 2019 жылдың тамызында пайдалануға берілді. 2020 жылдың қаңтарында жер асты суларының деңгейі көтерілген. Нәтижесінде бірінші қабаттағы бөлмелердің қабырғасы сөгіле бастаған. Талғар ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі "Нұр Кұрылыс-80" ЖШС-ны жобалау жұмыстарын дұрыс жүргізбегені үшін сотқа берді. Қазіргі уақытта "Еламан" ЖШС мердігерлік компаниясы мектеп ғимаратын нығайту бойынша жұмыс жүргізуде. Жарықтар жөнделді. Бұл жағдай Аудан әкімі Қ. Әбдіхановтың бақылауында", – деп жазылған түсініктемеде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу