Алматы облысында ер адам әйелді екі баласымен бірге өлтіріп, өртеп жіберген

1204

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталған.

Алматы облысында ер адам әйелді екі баласымен бірге өлтіріп, өртеп жіберген Фото: inbusiness.kz

Алматы облысының Ащыбұлақ ауылында 14 қыркүйекте өрттен кейін әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. Әйел денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

14 қыркүйек күні сағат 23:24-те Ашыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар өрттен кейін әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Аталған факті аудандық ішкі істер органдарына ҚР ҚК 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні жедел іздестіріп жатыр. Аудандық полиция бөлімшелері мен көршілес облыстардың жол полициясына хабарлама берілді", - деді Алматы облысы бойынша ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Оның айтуынша, түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

"ҚР ҚІЖК 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", деп атап өтті облыстық департамент басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу