"Арыз жазудан бас тартып отыр": Алматы облысында ер адам 6 мың теңге үшін әйелін аяусыз ұрған

551

Оқиға жатақханалардың бірінде болған. 

"Арыз жазудан бас тартып отыр": Алматы облысында ер адам 6 мың теңге үшін әйелін аяусыз ұрған Фото: freepik

Алматы облысы Шамалған ауылында ер адам ақша үшін әйелін ұрып-соққан, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Ол әйелге айқайлап, сұрағанда неге ақша жібермегенін айтып ұрыс шығарып жатты. Жәбірленуші автобуста келе жатқандықтан, өзін нашар сезініп, жібере алмай қалғанын айтып ақталды.

Алайда ер адам алты мың теңгені қайда салғанын түсіндіруді талап ете бастады. Қатты балағаттап, қорлай бастады, содан кейін соққылар мен әйелдің жылаған даусы естілді.

Әзірге құқық қорғау органдары жағдайға пікір білдірмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу