"Мұрнымды сындырды": Алматы облысында күйеуі әйелін аяусыз ұрып, видеоға түсірген

866

Жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. 

"Мұрнымды сындырды": Алматы облысында күйеуі әйелін аяусыз ұрып, видеоға түсірген Фото: Бейнежазбадан

Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Алматы облысы Шелек ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ол мені өлтірсе де, туыстарыма бәрібір. Сыныптастарыма мың алғыс, мені құтқарған солар ғана. Ол мені шашымнан сүйреп, тұншықтырды, құлағымнан ұрып, жұдырықтады. Салдарынан мұрным сынып, бүкіл денем көгеріп кетті", –дейді жәбірленуші әйел.

Алматы облысы Полиция департаментің баспасөз қызметі ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу