Алматы облысында ер адам көшеде әйелді қылқындырмақ болған

626

 Желіде видео тарады.

Алматы облысында ер адам көшеде әйелді қылқындырмақ болған Фото: бейнежазбадан

Алматы облысының Шамалған ауылында белгісіз ер адам көшеде әйелдің мойнына жіп салып, оны қылқындырмақ болған. Кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Зардап шеккен әйелдің туыстарының айтуынша, оқиға кешкі сағат сегіздер шамасында өзен бойындағы жолда болған.

Бейнебақылау камераларындағы жазбалар болғанына қарамастан, күдіктінің жеке басы әлі анықталмапты. Алматы облыстық полиция департаменті шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу