Қайғылы оқиға Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болды. 63 жастағы ер адам Қаскелең тау өзенінің ағына төтеп бере алмай, суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ол аздап жүзбек болып суға түскен, бірақ таулы өзеннің ағысы оны ағызып әкетті. Республикалық жедел құтқару жасағы жедел тобы ер адамның мәйітін оқиға болған жерден бір шақырым жерде тауып алып, полицияға тапсырды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу