ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіру бойынша зертхана ұйымдастырған 30 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Тінту барысында оқиға орнынан 200 грамм мефедрон, зертханалық жабдықтар, магниттік араластырғыштар, колбалар, центрифугалар, сондай-ақ синтетика жасауға арналған химиялық сұйықтықтар мен прекурсорлар тәркіленді.
Есірткі өндіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ішкі істер министрлігі елімізде есірткі өндірісін жолға қоюдың кез келген әрекеттерін қатаң түрде тоқтатады", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.