Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды

135

Күдікті Тәжікстанның қылмыстық заңнамасына сәйкес ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде болған.

Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды Фото: Polisia.kz

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 30 қаңтарда "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында облыс аумағында іздеуде жүрген тұлғаларды анықтауға бағытталған локальды-рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автожолы бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының бірінде ер адам ұсталған. Тексеру нәтижесінде оның 1994 жылы туған, Тәжікстан Республикасының азаматы екені анықталды. 

Бұған дейін аталған азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Қазіргі уақытта ол Қарасай аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес барлық қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу