Алматы облысында "Іле су" мекемесіне тексеріс жүргізілді

279

Әлеуметтік желіде Алматы облысында қызмет көрсететін "Іле су" мекемесінің жалған адамдарға жалақыны төлегені туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Алматы облысында "Іле су" мекемесіне тексеріс жүргізілді Фото: Mir24.TV

– "Іле су" қызметкерлері басқарма тарапынан жалған адамдарға жалақы аударылатынын және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері бар екенін хабарлайды. Олар сондай-ақ қажет емес заттарды сатып алуға келісім жасасқан. Анықталған фактілер аудиторлық және сот процестерімен расталады, - деп жазды әлеуметтік желіде Темірлан Стечкин.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта сот талқылаулары жүргізіліп жатыр.

– Осы жылдың 12 қаңтарынан 20 наурызына дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Іле су" ШЖҚ МКК-ның қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде бюджет қаражатының жалған тұлғалардың есепшоттарына аударылғаны және бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Кәсіпорын бұл қорытындыларды жоққа шығаратын егжей-тегжейлі және негізделген қарсылықтар ұсынды. Қазіргі уақытта аудит қорытындысы мен тексеру барысында жасалған тұжырымдарды даулауға байланысты сот талқылаулары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу