Алматы облысында індетті алдын алу шараларына 13,8 млрд теңге бөлінген

484

5 мыңнан аса медицина қызметкеріне 4,7 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді. 

Алматы облысында індетті алдын алу шараларына 13,8 млрд теңге бөлінген

Алматы облысында биылғы жылы 12,9 млрд теңгеге денсаулық сақтау саласының 17 нысаны салынуда, 7 нысанның күрделі жөндеуіне 3,0 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті. 

"COVID-19 індеті денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сын болды, қабылданған шараларға қарамастан кадр жетіспеушілігі, құрал-жабдықтар жеткіліксіздігі әлі бар. Сондықтан жалпы пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді, соның 8,8 млрд теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылды", – деді Амандық Баталов.

Оның айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсектік модульді инфекциялық аурухана салынды. Ол барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және штатпен қамтылды. Ал материалдық қолдау көрсету шеңберінде 5362 медицина қызметкеріне 4,7 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді, 1123 медицина маманына жергілікті бюджеттен 137 млн теңге сыйақы берілген.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу