Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

96

Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тінту барысында 15 килограммнан аса "альфа-PVP" есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК тағы бір есірткі зертханасын жойды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу