Алматы облысында ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

127

Полицияға төрт жәбірленуші жүгінген.

Алматы облысында ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Құқық қорғау органдары жәбірленушілерге 46 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұрын автокөлік сатып алумен және сатумен айналысқан күдікті бұл қызметін тоқтатып, қаржылық қиындықтарға тап болған соң, алаяқтық схемасын ойлап тапқан. Ол таныстарына автокөліктерді қайта сату немесе қызмет көрсетуге қатысты тиімді ұсыныстар айтып жүгінген. Сенімділік таныту үшін автокөліктер көрсетіліп, әртүрлі мәселелерді, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын алу жалған мүмкіндіктері айтылған. Алынған қаражатты күдікті өзіне иемденіп, өз мойнына алған міндеттемелерді орындауды ойламаған. Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп атап өтті полиция.

Күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу