Алматы облысында ит-мысықпен серуендеуге тыйым салынатын орындар белгіленді

722

Жаңа ережені бұзғандар10 АЕК шамасында айыппұл төлейді.  

Алматы облысында ит-мысықпен серуендеуге тыйым салынатын орындар белгіленді Фото: egemen.kz

Алматы облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz мәслихатқа сілтеме жасап.

Жаңа қағидалар облыстық мәслихаттың "Алматы облысының елді-мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" шешімімен бекітілді.  

Иттер олардың өз бетінше серуендеуіне және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауына жол берілмейтін жағдайларда ұсталады. Қауіпсіздік үшін олар үйшікте болуға не болмаса байлаулы тұруға тиіс.

Үй жануарларын қоғамдық орындарда, жалпы пайдалану орындарында және  үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің маңындағы аумақтардан басқа) ұстауға рұқсат етілмейді.

Үй жануарларын серуендету адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, үй жануарларының адам мүлкіне зиян келтіруінен қорғалған жағдайда жүзеге асырылады.

Жануарларды ұстау қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметі тарапынан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу