Алматы облысында із-түзсіз кеткен 16 жасар қыз іздестіріліп жатыр

1062

Жоғалған қыздың бойы – шамамен 165 см, дене бітімі арықша келген, үстінде сары түсті тоқылған шапка мен қара күрте болған.    

Алматы облысында із-түзсіз кеткен 16 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 2003 жылы туған Гүлжан Мырзатқызының із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз 21 желтоқсанда қыздың ата-анасынан келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кәмелетке толмаған жасөспірім қыз Әймен ауылында тұрады және Есік экономикалық-педагогикалық колледжінде оқиды. Оны іздестіру жұмыстарына Еңбекшіқазақ аудандық полиция қызметкерлері мен облыстың жедел уәкілдері тартылды"  –  деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Гүлжан Мырзатқызының қайда екендігі туралы кез келген ақпарат білетін болсаңыздар, полицияға хабарласуды сұраймыз: 8 778 3331011, 87027152120, 8 7282 608008 немесе 102.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу