Алматы облысында канистрдегі бензин жанып, үш жасар баланы күйік шалды

482

2020 жылы туған бала күйікпен аурухананың жансақтау бөліміне түсті.

Алматы облысында канистрдегі бензин жанып, үш жасар баланы күйік шалды Фото: gov.kz

Оқиға 27 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында болған, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баланы күйік шалғаны туралы хабарлама Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне сағат 18.40-та түскен.

ҚР ТЖМ мәліметінше,екі бала жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүріп, балалардың бірі бензин құтысының жанында сіріңке жаққан. 

Салдарынан үш жасар баланың мойын, арқа, бөксе, оң иық аймағын 20-29% термиялық күйік шалған. 

"Бала Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының жансақтау бөліміне  жатқызылды", деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД қызметкерлері мынандай қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес берді:

балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

жанғыш заттары бар канистрлерді балалардың қолы жететін жерлерде сақтауға болмайды;

балаларға сіріңке ойыншық емес екендігі туралы балалармен түсіндірме әңгімелер жүргізіңіз;

өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу