Алматы облысында қант қызылшасын егу аяқталды

795

Алматы облысында қант қызылшасын егу аяқталды

Алматы облысының диқандары қант қызылшасын егу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Биыл қант қызылшасы 16,2 мың гектар жерге егілді. 400 тонна өнім алынады деп жоспарлануда. Өткен жылы 9,2 мың гектар жерге егіліп, 334 мың тонна тәтті түбір алынған еді. Одан 31 мың тонна қант өндірілді", - дейді өңір әкімдігінен.

Осылайша шаруалар қызылша егуді 1,8 есеге арттырды.

Жүгері себу әлі жалғасып жатыр. Ол 79 954 гектарға егіледі. Қазір жоспарланған аумақтың 70 пайызында егу жұмыстары аяқталды.

2017 жылы егістік көлемі 600 гектар болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу