Алматы облысында қант қызылшасын жинау аяқталды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Облыста 9,2 мың гектардан 331,5 мың тонна қант қызылшасы жиналды, орташа өнімділік гектарына 365,5 центнер болды. Бұл биыл рекордтық көрсеткіш болып отыр.
Заманауи ауылшаруашылық техникаларын және элиталық тұқымдарды пайдалану арқасында жеке шаруашылықтарда гектарына 500-700 центнерден өнім алынды.
Биылғы жылы аймақта 35 мың тонна қант алу жоспарлануда, соның есебінен аймақтың сұранысы толығымен жабылады деп күтілуде.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, 2016 жылы Алматы облысында 6,4 мың гектардан 220 мың тонна қант қызылшасы жиналды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу