Алматы облысында қант шығаратын кәсіпорындар бәсекелестік заңнамасын бұзған

1013

Олар алдын ала келісіп, өнімді төмен бағамен саудалаған. 

Алматы облысында қант шығаратын кәсіпорындар бәсекелестік заңнамасын бұзған

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 14 мамырда "Open Space" алаңында қантты көтерме саудада өткізумен айналысатын субъектілер өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қатысушылар қанттың көтерме саудадағы жағдайымен танысты. Атап айтканда, монополияға қарсы департамент жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабардар етті, оның қорытындысы бойынша "Көксу қант зауыты" ЖШС және "Ақсу қант" ЖШС іс-әрекеттерінде ҚР ӨК 170-бабын бұзу белгілері бар. Яғни, қантты бастапқы сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттері анықталды. Екі кәсіпорынға да бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

Енді "Көксу қант зауыты" ЖШС 1 кг үшін қантты сату құнын орта есеппен 10 теңгеге төмендетуге тиіс.

Ал "Ақсу Қант" ЖШС Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасын орындаған жоқ. 

"Осыған байланысты "Ақсу Кант" ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеу басталды", - деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу