Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін

265

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін Фото: gov.kz

"12-13 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. 13-16 сәуір аралығында Алматы облысының Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, Қостанай облысында 13-17 сәуір аралығында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынның келуіне байланысты облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу