Алматы облысында қар көшкіні қаупі 23 ақпанға дейін сақталады

117

Алматы облысының төтеншеліктері туристер мен тұрғындардан тауға, онда да қарлы беткейлерге шығудан бас тарта тұруды сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында қар көшкіні қаупі 23 ақпанға дейін сақталады Фото: sport-marafon.ru

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі 23 ақпанға дейін сақталатынын ескертеді.

"Туристер мен тұрғындардан қарлы беткейлерге шығудан бас тарту сұралады. Таулы жерде болған кезде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Департамент Алматы облысының тауларында қауіпті 55 учаске бар екенін еске салады, күннің жылынуы және қатты жауын-шашын кезінде беткейлерден үлкен қар массалары сырғуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу