Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды

967

Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды

Алматы облысында Түрген өзені бассейнінде қар көшкіні жолды басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

2018 жылғы 30 қаңтарда Түрген өзені бассейнінде Түрген ауылы - Батан шатқалы автожолында 4 рет табиғи қар көшкіні болып, жалпы көлемі 390 текше метрді құрады.

Қардың көшуіне 29 қаңтарда Түрген өзені бассейніндегі жерасты дүмпулері себеп болған. Қазіргі кезде автожол тазаланған. Құрбан болғандар мен қирандылар жоқ.

"Іле-Алатау табиғи паркі Түрген филиалының директорына бақылау-тексеру бекеті арқылы Түрген өзені аңғарына демалу үшін келушілерді шектеу, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне, Түрген ауылдық округіне автожолдарды қардан тазалау шаралары жөнінде хат жіберілді", - дейді Қазселденқұтқару мемлекеттік мекемесіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу