Алматы облысында карантин күшейді

690

Мониторинг топтарына тексеру, қадағалау жұмыстарын үдету тапсырылды.

Алматы облысында карантин күшейді

Алматы облысында карантин шараларын күшейтетін жаңа қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Себебі өңірде соңғы жеті күнде індет жұқтырғандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 16,2-ге жеткен.

Қаулыға сәйкес сыйымдылығы елу және одан да көп қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатады.

Той-томалақ, банкет, еске алу жиындарын ұйымдастыруға тыйым салынды.

Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, ойын-сауық орындары да жағдай тұрақтағанша жұмыс істемейді.

Сондай-ақ туристік нысандар, табиғи парктер, демалыс орындары, тау-шаңғы базалары мен мұз айдындары 80 пайыздан аспайтын толымдылықпен адам қабылдауға рұқсат беріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу