Алматы облысында карантин шаралары қатаңдатылады

1065

Өзгерістер 12 сәуірден бастап енгізілмек. 

Алматы облысында карантин шаралары қатаңдатылады

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес 12 сәуірден бастап өңірде карантин талаптары күшейтілмек, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

Жаңа қаулыда қызметіне бұрыннан шектеу енгізілген салалармен қатар облыс, қала және ауданаралық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобустар қозғалысына, спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге шектеу қойылған. 

Сонымен қатар білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер, мәдениет нысандары, құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа, аумағы 2000 шаршы метрден асатын, азық-түлік есем дүкендер қызметіне тыйым салынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу